20 желтоқсанда «Байтақ» жасылдар партиясы AIDA атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығымен және «Парасат» кәсіпкерлер альянсымен бірге өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойды. 

19 февраля, 2025

Меморандумның негізгі мақсаты – атом энергиясын дамыту, ынтымақтастықты нығайту, инновациялар, экологиялық жауапкершілік пен озық технологияларды енгізу саласындағы бастамаларды ілгерілету. Бұл құжат тараптардың ортақ қызығушылық тудыратын мәселелері бойынша кәсіби тәжірибе алмасуы мен консалтингті қарастырады.

Басқосуда сөз сөйлеген «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев елдегі тұрақты энергетика мен экологиялық технологияларды белсенді түрде дамыту, қолдау партияның басты мақсаттарының бірі екендігін атап өтті. 

Қазіргі уақытта біз әлемдегі атом энергиясын зерттеу үстіндеміз. Қазақстанға АЭС салуға өтініш білдірген мемлекеттерді аралап, олардың технологиясымен, атом индустриясымен жақынырақ танысып отырмыз. Жақында ғана Оңтүстік Кореяның атом энергиясы саласындағы әлеуетін барып көрдік. Озық технологияларды қолданып отыр. Алдағы уақытта жасыл энергия көздерін атомнан тапқан басқа да әлемдік державаларға баруды жоспарлап отырмыз, — деді партия төрағасы.

«Парасат» кәсіпкерлер альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Олег Пак пен AIDA атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Тоқтаров та аталмыш мемарандум аясында біргелікте жоспар құрып, әрекет ететіндіктерін айтты.