24 қаңтар күні өткен «Байтақ» жасылдар партиясының Шымкент қалалық филиалының кезекті IV конференциясы аясында филиалдың жаңа төрағасы болып Ордабеков Алтай Еркебекұлы сайланды. Жаңа төраға партияның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, экология саласындағы бастамаларды белсенді түрде қолдап, дамытуға уәде берді.
Сонымен қатар, партияның Шымкент қаласындағы жаңа кеңсесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл кеңсе экологиялық мәселелерді талқылап, тұрғындардың ұсыныстары мен мәселелерін қабылдайтын орталыққа айналады деп күтілуде.
«Байтақ» жасылдар партиясы жаңа төрағасына сәттілік тілейді! Бұл қадам өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолында маңызды рөл атқарып, қоғамның жасыл экономикаға көшуіне үлес қосатынына сенімдіміз.