24 қаңтар күні Шымкент қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының Шымкент қаласы филиалының кезекті ІV конференциясы сәтті өтті.
Конференцияға партия төрағасы Азаматхан Амиртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен экология саласындағы сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында партия төрағасы Азаматхан Амиртаев партияның стратегиялық бағыттары туралы баяндама жасап, экологиялық мәселелерді шешу, жасыл экономикаға көшу және ESG қағидаттарын енгізу бойынша жоспарларды ұсынды.
Конференцияның маңызды нәтижесі – Шымкент қаласы филиалының жаңа төрағасы болып Ордабеков Алтай Еркебекұлының сайлануы.
Сонымен қатар, филиалдың саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының есептері тыңдалып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді және экология департаменті басшысының 2024 жылғы есебі тыңдалды.