23 қаңтар күні Шымкент қаласына іссапармен келген «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев өңірдің беделді ақсақалдарымен кездесіп, партияның стратегиялық мақсаттары мен экологиялық бастамаларымен таныстырды.
Ақсақалдар табиғатты сақтау жолында «Байтақ» партиясы бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, өз баталарын берді. Сонымен қатар, олар экология мәселесіне қоғамды жұмылдырудың маңыздылығын айтып, жұмыстарына табыс тіледі.
Бұл кездесу партияның халықпен тығыз байланысын нығайтып, ұрпақ үшін таза табиғатты сақтау жолында ортақ күш-жігермен жұмыс істеуге деген сенімді арттырды.