«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев өткен жылы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтай аясында бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Солардың ішінде Экологиялық кодекске қатысты мәселе ерекше назарға алынды. Ол ауаға тасталатын зиянды қалдықтарға салынатын төлемдер түсімін тиімді реттеу қажеттігін мәлімдеді.
Өз сөзінде Азаматхан Амиртаев бұл бастама мемлекеттік бюджетке қосымша 2 трлн теңге түсіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол бұл ұсынысты Парламент депутаттарына да жолдап, заңды жедел түрде қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.
Сонымен қатар, Президенттің бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» акциясы тек идеологиялық науқан болып қалмауы тиіс екенін айтып, оны нақты экономикалық жобаға айналдыруды ұсынды. Бұл экологияға оң әсерін тигізіп қана қоймай, ел экономикасына да пайда әкелетін бастама болмақ.