Бүгін Астандағы Silteme баспасөз клубында «Байтақ» Жасылдар партиясы, «ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» РММ қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруді жарамсыз/заңсыз деп тану туралы сот талабы және «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Болат департаменті үшін қоғамдық тыңдау хаттамасы тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.
«Байтақ» Жасылдар партиясы мақсаттарының бірі қоршаған ортаны қорғау болып саналады. Осы ретте партия экологияға зиян келтіріп жатқан ірі ластаушылардың әсері туралы көптеген қоғамдық тыңдауларға үнемі қатысады және сараптамалық пікірлер айтады.
«Байтақ» Жасылдар партиясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ БД тарапынан қоршаған ортаға зиян келтіріп жатқандығын бірнеше рет көрсетті және тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік уәкілетті орган атмосфералық ауаны ластап, қоршаған ортаға залал келтіргені үшін кәсіпорынға миллиардтаған сомада айып та салды.
Сондай-ақ, ауаға шығарылатын әрбір көзі бойынша тазарту жүйелерінің жұмыс принципінің сипаттамасы жоқ. Атмосферуға тиісті мөлшерде шығарындылар нормативтер жобасының қосымшасында соңғы 3 жылдағы тазарту жүйелерінің нақты тиімділігін өлшеу хаттамасы жоқ
Біз де өз тарапымыздан кейбір жобаларға есептеулер жасадық. Олардың нәтижелері бойынша атмосфералық ауаға шығарындылардың азаюы байқалады. N 6141 ластану көзі бойынша болат балқыту өндірісінің бір процесі үшін, конвертер цехының аэрациялық шамы, «АМТ» АҚ БД 2023 жылы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін облыстық бюджетке 50 миллион теңгеден астам салық төлемеді.
Рұқсат беру құжаттары жұртшылықтың ескертуін ескермей, сондай-ақ экологиялық заңнаманың талаптарына қайшы келетін жобалау құжаттарындағы көптеген математикалық қате-кемшіліктермен берілгендіктен, барлық рұқсат беру құжаттары сот тәртібімен берілген сәттен бастап заңсыз және жарамсыз деп танылуға жатады.
Жалпы, біз экологиялық құжаттамаға рұқсат беру туралы шешім қабылдау кезінде мемлекеттік органға ұсыныстар мен ескертулерді кейіннен жіберу үшін қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде табиғат пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттамасына талдау жүргізуді жоспарлап отырмыз және оны бастап кеттік. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің осы мәселедегі ашық болғанын қалаймыз. Мысалы, біз жоғарыда аталған табиғат пайдаланушы бойынша, оның экологияға рұқсат алғандығы туралы материалдарды сұрағанда жауап берілмеді. Мұндағы негізгі қорытынды осы құжаттамада коммерциялық құпия болуы мүмкін. Біздің ойымызша дәл осы жерде қоршаған ортаның ластануына және халықтың денсаулығына әсер ететін негізгі себеп тұр. Осы ретте интернет-ресурста I санаттағы объектілерге берілген экологиялық рұқсаттың көшірмесін, ремедиация бағдарламасын және оны орындауды (келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі іс-шаралар тізбесін) орналастыру қажет. Алайда комитет қандай да бір себептермен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын орналастыру жөніндегі талаптарды орындамай отыр.
Ең бастысы, ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес атмосфералық ауаға ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары және ластаушы заттардың нормативтен тыс төгінділері экологиялық залал деп танылмайды. Бұған дейін қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау ережелері болған (535-Қаулы), ал бүгінгі күні ластаушы кәсіпорындарға көбіне әкімшілік жауапкершілік артылған. Қоршаған ортаны ластаудың барлық түрін ескере отырып, экологиялық залал ұғымына шұғыл өзгерістер енгізу керек және экономикалық бағалау ережелерін қайтару қажет. Сонымен қатар, эмиссиялар үшін төлемдер нақты көрсеткіштер бойынша емес, лимиттер бойынша алынуы керек. Сонда кәсіпорын иелері артық лимит сұрамауына мүмкінік туады.
Спикерлер:
Әміртаев Азаматхан – «Байтақ» Жасылдар партиясының Төрағасы;
Аяйбергенов Азамат – «Байтақ» партиясының Жасыл саясат департаментінің директоры
Қазитов Сейфул-Мәлік – «Байтақ» жасылдар партиясының Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты