8-9 тамызда «Байтақ» жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалы қоршаған ортаның жағдайы мен экологиялық мәселелерді талқылады.
Жиынға қатысу үшін Қызылорда облысына Атырау облысы әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы келді. Олар Қызылорданы қоршаған ортаны ластау салдарынан туындаған зиянды экономикалық бағалауды белгілеу мақсатында және де экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ ретінде бойынша тәжірибе алмасты.
Маңызды проблемалар көтерілген іс-шара Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратында өтті. Жиналыста облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Н. А, «Байтақ» партиясының Атырау облысындағы филиал төрағасы Руслан Күмісқалиев, Қызылордадан Болат Нұрхожаев сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты айтты.
Олар қоршаған орта, көгалдандыру, Каспий мен Арал теңізі жағдайы, экономикалық мәселе, адам денсаулығы, халыққа тиесілі экологиялық үлес мәселесі бойынша сөз сөйледі.
Облыстық денсаулық басқармасы адам өлімі, қан қысымы, ана мен бала денсаулығы, мүмкіндігі шектеулі жандардың көбеюі, психикалық аурулардың соңғы 5 жылда өсуі жөніндегі зерттеу жұмыстары туралы баяндама жасады.
Жиын соңында Болат ағамыз Атыраудан келген қонақтарға және арнайы Руслан Күмісқалиевке өзі жазған кітабын сыйға тартты.