Кездесу Дүниежүзілік табиғатты қорғау күніне орай өткізілді. Алматылық партияластарымыз табиғат аясына шығып, оның ішінде, «Алма-Арасан» шатқалына барды. Ол жердегі қоршаған ортаның бүгінгі жай-күйімен танысты. Төңірекке көз тастап, қаланы жасыл желекке айналдыру, тал-теректерді көптеп отырғызу, қала іші мен айналасын көгалдандыру мәселесін талқылады.
«Қаламызда жасыл белдеу жылдан-жылға азайып барады. Біз жасыл аумақты молынан сақтап қалуымыз керек» дейді олар.
Бұдан бөлек, экологиялық ахуалға бейжай қарамайтын партиямыздың белсенділері су жетіспеушілігі проблемасын да көтерді.
Олардың айтуынша, қазіргі кезде Алматыда су тапшылығы болып жатыр. Ал ірі мегаполисте су мәселесін шешу өте өзекті.