Астанада, 14 – маусымда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен “Әлеуметтік сұраныс 7-20-25” атты дөңгелек үстел өтті.
Шараның басты мақсаты, елімізде әлеуметтік ипотекалық бағдарламаларды қаржыландыруды қысқартуды тоқтатып бір шешімге келу. Естеріңізге салсақ, Ұлттық банктің қаулысымен «7-20-25» бағдарламасы 31 мамыр күні бекітілді. Іс жүзінде несие беру 2018 жылдың екінші жартысында басталды.
Алғашқы ипотека шілде айында берілді. Осы бағдарлама аясында 65 мың отбасы баспаналы болды. Бұл өз кезегінде 2018-2022 жылдар аралығындағы, ипотекалық несиелеудің 14,5 пайызын құрайды.
“Бүгінгі таңда болып жатқанның бәрі, соның ішінде «7-20-25»-ті қысқарту, монополия құру, әлеуметтік тұрғын үй саласына «заңдарды» енгізу еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан сайын әлде қайда төмендемек”-дейді Азаматхан Әміртай.
Дөңгелек үстел отырысына, Бауыржан Қабдол – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Валерий Лакисов – Қазақстан құрылысшылар одағының төраға орынбасары, Жанна Бектемирова – GLB үй құрылысы комбинатының және «Шар-Құрылыс» компаниясының негізін қалаушы, бас директоры сондай ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері мен т.б. құрылыс компаниялар қатысты.
Шараға қатысушылардың келген шешімі, Қазақстан Республикасының Президентіне хат жазу. Бұл құжатқа құрылыс және тұрғын үйді несиелендіру саласының барлық өкілдері және басқа да қатысушылар қол қояды.
Тұрғын үй несиесінің тұрақтылығы мен қолжетімділігі сияқты күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелер саяси партиялардың белсенді қатысуын талап етеді.
Айта кетейік, «Байтақ» партиясы өзінің саяси белсенділігін, қоғамдық жауапкершілігін сөзбен ғана емес, нақты іс-әрекетімен көрсетіп келеді.