2026 жылы 10 сәуірде сағат 10:00-де Астана қаласында V Халықаралық экологиялық конгресс өтеді.
Іс-шараның негізгі тақырыбы — «Жасыл күн тәртібі 2.0» стратегиялық бастамасын таныстыру. Бұл бастама Қазақстан мен өңірдің экологиялық трансформациясының жаңа кезеңін айқындайды.
Конгресс Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Өңірлік экологиялық саммит қарсаңында ұйымдастырылып, экология және тұрақты даму саласындағы келісілген шешімдерді әзірлеуге арналған маңызды халықаралық алаң болмақ.
Конгресте Олжас Сүлейменов — Қазақстанның халық жазушысы, «Невада — Семей» ядроға қарсы қозғалысының негізін қалаушы, Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылған қайраткер — дүние жүзінің жасылдарына үндеумен сөз сөйлейді.
Конгресс жұмысына қатысады:
- Орталық Азия елдерінің (Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан), сондай-ақ Ауғанстан, Литва, Ресей, Моңғолия, Швеция, Финляндия және басқа да мемлекеттердің жасыл партияларының өкілдері
- Қазақстандағы экологиялық қауымдастық көшбасшылары, халықаралық сарапшылар және дипломатиялық корпус өкілдері
- мемлекеттік органдардың, бизнес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері
Қазақстандық жасылдар партиясы «Байтақ» — «ARAL жасыл партиялар саммитінің» төрағасы. Конгресс аясында саммитті өткізу өңірдің елдерінің біріне берілмек.
Конгресте Қазақстанға бүгінде қажетті беделді эколог-ғалымдар кеңесі құрылады.
Қорытынды Астана декларациясы конгресс жұмысының нәтижесін шығарып, алдағы қадамдар бойынша ұсыныстар білдіреді.
Талқылау барысында қарастырылады:
- «жасыл» экономикаға көшу
- экологиялық саясат пен заңнаманы дамыту
- заманауи экологиялық технологияларды енгізу
- халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Өтетін орны: Астана қаласы, «Rixos» қонақ үйі, үлкен зал
Күні мен уақыты: 2026 жылғы 10 сәуір, сағат 10:00
Іс-шара аясында қатысушылар үшін кофе-брейк ұйымдастырылады.Баспасөз қызметі — Шыңғыс Үсенқұл, +7 708 765 4327