2025 жылы 2 желтоқсан күні Алматы қаласында Қазақстанның жасылдар партиясы «Байтақ» ұйымдастырған ауқымды экологиялық веложобаның аяқталуына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Жобаның авторы Сапар Аманжолұлы 12 000 км жол жүріп, Қазақстанның барлық өңірін аралады. Төрт айға созылған экспедиция барысында ол ондаған қала мен ауылды қамтып, өңірлердің ауа, су, топырақ, қалдықтар және өндірістік аймақтар бойынша нақты экологиялық мәселелерін тіркеді.
Таза Қазақстан» идеясын іс жүзінде жүзеге асырған бастама
«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев велошеруді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» стратегиялық бастамасының практикалық жалғасы екенін атап өтті. Ол Сапар Аманжолұлының ел алдындағы еңбегін «Ұлы даланың шынайы жасыл елшісі» деп бағалады.
Экспедицияның негізгі деректері
Велошеру бағыты елдің ең ірі өңірлерін қамтыды:
Алматы – Қонаев – Талдықорған – Үшарал – Аягөз – Өскемен – Семей – Курчатов – Павлодар – Екібастұз – Қарағанды – Теміртау – Астана – Көкшетау – Петропавл – Қостанай – Жетіқара – Ақтөбе – Орал – Атырау – Арал – Байқоңыр – Қызылорда – Түркістан – Сарыағаш – Шымкент – Тараз – Луговой – Мерке – Қордай – Алматы
Жиналған деректер ішінде:
*өндіріс аймақтарындағы ластану,
*тозған су инфрақұрылымы,
*қоқыс полигондары,
*жайылымдар мен шағын өзендердің жағдайы бар.
Ашық бақылаулар мен деректі материалдар
Баспасөз конференциясында экспедиция барысында жиналған фото, видео және аудиоматериалдар ұсынылды. «Байтақ» партиясы жақын уақытта өңірлер бойынша экологиялық шолу жариялап, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстар легін бастайтынын мәлімдеді.
Көпшіліктің ерекше назарын аудартқан деректер мыналар болды:
*өнеркәсіптік аймақтардың сын көтермес жағдайы,
*тозығы жеткен су инфрақұрылымы,
*ластанған жайылымдар,
*қоқысқа толып, шамадан тыс жұмыс істеп тұрған полигондар,
*жоғалу қаупі төнген шағын өзендер.
«Байтақ»: экология – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі
Партия өз сөзінде еліміздегі жалғыз экологиялық саяси күш ретінде «Таза Қазақстан» ұлттық бағытын жүйелі түрде, нақты істермен қолдап келе жатқанын атап өтті. Партия атқарып жүрген бастамалар: қоғамдық экологиялық мониторинг, экожобалар, еріктілер акциялары, сенбіліктер, ағаш отырғызу, велошерулер, жастармен жұмыс.
Қорытынды
«Ұлы даланың – Жасыл елшісі» жобасы экологиялық мәдениетті жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің табиғатын қорғау — мемлекеттік саясатпен қатар, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін көрсетті. Бұл бастама — таза болашаққа бастайтын жолдың жарқын үлгісі.