Бүгін Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы Азаматхан Сайлауұлы Әміртаевтың бұйрығымен Бастаубаев Жұмабек Әндешұлы партия Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Жаңа орынбасар Абай, Жетісу, Алматы облыстары мен Алматы қаласындағы партия филиалдарының жұмысын басқару және дамыту жөніндегі бағытта қызмет атқарады.
Бұған дейін Бастаубаев Жұмабек Әндешұлы Алматы қалалық филиалының төрағасы қызметін атқарып, өңірдегі экологиялық бастамаларды дамытуға және партияның танымалдылығын арттыруға елеулі үлес қосқан.
Жаңа Төраға орынбасарына жүктелген негізгі міндеттер:
Аталған өңірлердегі партия филиалдарының жұмысын үйлестіру және дамыту;
Экологиялық саясат пен жасыл экономиканы ілгерілету;
Табиғатты қорғау және климаттық бастамаларды іске асыру;
Облыс және қала әкімдіктерімен, мәслихаттармен тығыз серіктестік орнату;
Өңірлік деңгейде әлеуметтік және экологиялық жобаларды жүзеге асыру;
Инвестиция мен демеушілерді тарту арқылы партия бастамаларын қолдау;
Партия мүшелері мен жастарды жасыл идеялар аясында біріктіру.
«Байтақ» партиясы еліміздің экологиялық мәдениетін нығайтып, тұрақты даму мен жасыл экономиканы ілгерілету жолында нақты істер атқарып келеді.
Жұмабек Әндешұлының тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті партияның өңірлік дамуына тың серпін береді деп сенеміз.