Өзбекстан Парламенті Төрағасының орынбасары, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының лидері Алишер Қалдиевич Қадыров:

1 ноября, 2025

«Қазақстан – табиғаты бай ел, сондықтан «Байтақ» жасылдар партиясы Парламентте міндетті түрде өкілдікке ие болуы тиіс»
30 қазан күні Бейжіңде өткен «Қытай – Орталық Азия» саяси партиялар диалогының ІІ отырысында Өзбекстан Олий Мажлисінің депутаты, Парламент спикерінің орынбасары және «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының лидері Алишер Қалдиевич Қадыров Қазақстанның экологиялық саясатына және «Байтақ» жасылдар партиясының бастамаларына жоғары баға берді.
Ол: «Қазақстан – экожүйесі бай мемлекет. Мұндай елде экологиялық саясатқа басымдық беру – тарихи қажеттілік. Сол себепті “Байтақ” партиясы міндетті түрде Парламентте өз орнын алуы керек. Бұл елдің тұрақты дамуы мен жасыл болашағының кепілі», – деді.
Алишер Қадыров экологиялық саясатты ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың құрамдас бөлігі деп атап өтті.
Өз кезегінде «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Өзбекстанның «Миллий тикланиш» партиясымен идеялық үндестік бар екенін айтып, Орталық Азия елдерінің жасыл ынтымақтастығын тереңдетуге шақырды.