ҚКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі, ҚКП Орталық Комитетінің Ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Ши Тайфэн 30 қазан күні Бейжің қаласында «Қытай – Орталық Азия» саяси партиялар диалогының екінші отырысына қатысқан шетелдік делегация өкілдерімен кездесу өткізді.

31 октября, 2025

Кездесу барысында тараптар Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы өзара сенім мен серіктестікті одан әрі нығайту, саяси партиялар арасындағы диалог пен тәжірибе алмасуды дамыту, «Жасыл даму», экологиялық саясат және орнықты экономика құру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Аталған маңызды басқосуға Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы арнайы шақырылып, партия атынан сөз сөйлеп, экологиялық бастамаларды қолдау, жасыл технологиялар мен табиғатты қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы ұсыныстарын білдірді.