Сапардың алғашқы күнінде ол Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлұлымен кездесті.
Кездесу барысында елдің экологиялық болашағы мен жасыл даму бағыттары жайлы пікір алмасылып, қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығының маңызы сөз болды.
Құрметті ардагерлер партия төрағасына ақ батасын беріп, атқарып жатқан игі істеріне сәттілік тіледі. Өз кезегінде Азаматхан Сайлауұлы елдің игілігі мен табиғатты қорғау жолында ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен даналығы ерекше үлгі екенін атап өтті.