Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Республикалық Әйелдер конгресін өткізді

17 октября, 2025

2025 жылғы 17 қазанда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы «Әйелдер – «Таза Қазақстан» тірегі» атты Республикалық Әйелдер конгресін өткізді.
Ауқымды форум экологиялық тұрақтылық, әлеуметтік әділеттілік және әйел көшбасшылығы тақырыптарын тоғыстырған бірегей қоғамдық-саяси алаң болды. Конгресс барысында әйелдердің жасыл саясаттағы белсенді рөлі, аймақтық бастамалары және экологиялық жаңғырудағы стратегиялық орны кеңінен талқыланды.
Іс-шара бағдарламасында бірнеше маңызды бөлімдер қамтылды:
🔹 Салтанатты ашылу және құттықтау сөздер. Форумды партия төрағасы, қоғам қайраткері Азаматхан Әміртаев ашып, әйелдердің елдің экологиялық және қоғамдық дамуына қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.
🔹 Әйелдер кеңесінің жаңа төрайымын сайлау. Ұйым ішіндегі көшбасшылық құрам жаңарып, жаңа бағдарлама мен бағыт айқындалды.
🔹 «Менің жасыл бастамам» атты ашық микрофон сессиясы. Әр өңірден келген белсенді әйелдер өздерінің экологиялық, әлеуметтік және мәдени жобаларымен бөлісті.
🔹 «Еңбекші әйел үлгісі – Қазақстан болашағы» панельдік пікірталасы. Білім, мәдениет, экология және әлеуметтік әділеттілік салаларындағы ауыл әйелдерінің тәжірибелері мен көзқарастары ортаға салынды.
🔹 «Арман ағашына» тілек ілу рәсімі. Қатысушылар ел мен ұрпақ болашағына арналған ізгі тілектерін жазып, партияның символдық ағашына ілді.
Бұл форум – еліміздегі әйелдердің экологиялық қозғалыстағы және жасыл саясаттағы көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қоғамдық-саяси оқиға болды.