Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы болып Қапалбеков Ұлықбек Нағашыбекұлы тағайындалды.
Ұлықбек Нағашыбекұлы 1980 жылы 21 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Білімі жоғары – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша және Алматы экономика және статистика академиясын «экономист–қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласының Әділет департаментінде бастаған. Әр жылдары Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігі, «Бәйтерек» қазақстан–ресей бірлескен кәсіпорнында, Алматы қаласы Әділет департаментінде және Медеу аудандық әділет басқармасында жауапты қызметтер атқарған. Сондай-ақ ол Бесағаш ауылдық округінің әкімі, «Global Energy Company» ЖШС қаржы жөніндегі директорының орынбасары, «Қазпочта» АҚ Қарасай және Талғар аудандық пошта байланыс торабының бастығы лауазымдарында еңбек етті.
Ұлықбек Нағашыбекұлы өңірде экологиялық мәдениетті дамытуға, жасыл экономика мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жобаларды ілгерілетуге жетекшілік етпек.