Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына барды. Сапар барысында партия төрағасы мен аймақтық филиал өкілдері қазақ халқының батыр қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды.
Бұл рәсім – ел қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани тазалық пен адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.