“Байтақ” жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.

10 октября, 2025

Іс-сапар аясында партия төрағасы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы Дүйсенбаевтың қабылдауында болды. Кездесу барысында қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, өңірдің экологиялық мәселелерін шешу және азаматтық бастамаларды қолдау бағытында пікір алмасылды.
Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы Руслан Серікұлы Ысматуллаев таныстырылды.