Президент Жолдауы мен «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау күні

10 октября, 2025

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы ел Президентінің Жолдауы мен экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара Алматы қаласындағы Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен қалалық алма бағында өтті.
Сенбілік барысында партия мүшесі, Ботаника институтының ғылыми қызметкері Мәдина студенттерге ағаш отырғызудың және оларды күтіп-баптаудың тиімді тәсілдерін үйретіп, тәжірибелік сабақ өткізді. Қатысушылар табиғат аясында еңбек етіп, таза ауада пайдалы әрі мағыналы уақыт өткізді.
Шара соңында студенттер мен ұстаздар гитара сүйемелдеуімен ән айтып, көтеріңкі көңіл күйде экологиялық мәдениетті насихаттады. Сенбілік еңбек пен шығармашылықты, экологиялық сана мен бірлікті біріктірген игі дәстүрге айналды.
«Байтақ» партиясы үшін мұндай шаралар — қоғамда жасыл сана мен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызды қадамы.