Финляндиядағы Жасылдар партиясы – қоғамдағы ықпалды саяси күш

22 сентября, 2025

«Байтақ» жасылдар партиясының делегациясының Скандинавия түбегінде орналасқан Финляндияға жасаған сапары табысты өтті. Сапар аясында партия төрағасы София Вирта бастаған Финляндия Жасылдар партиясының жетекшілерімен және өкілдерімен маңызды кездесу өткізілді.

Финляндияны таңдаудағы басты себеп – бұл елдегі Жасылдар партиясының қоғамдағы орны мен ықпалы. Қазіргі таңда аталған партияның 13 депутаты Парламентте қызмет атқарып отыр, олардың үшеуі Үкімет құрамында министрлік портфельге ие. Бұл партия елдің саяси бағыты мен қоғамдық пікіріне елеулі ықпал етіп отырған көшбасшы күш болып табылады.

Кездесу барысында тараптар жасыл саясат бағытында өзара тәжірибе алмасып, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Әсіресе, Финляндия Жасылдар партиясы қазақстандық мұнай компанияларына, оның ішінде Жылыой, Құлсары аймағында орналасқан «Шеврон» компаниясына байланысты консалтингтік қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

«Байтақ» жасылдар партиясы үшін бұл келісім жасыл саясаттағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.