Бүгін Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Төрағасының тапсырмасы бойынша партия Төрағасының орынбасары Садинов Самат Қызылорда қаласына іссапармен барып, ресми түрде жаңа тағайындауды жариялады.
Іссапар барысында Садинов Самат Қызылорда облысы филиалының ұжымымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтар талқыланды. Сондай-ақ партияның өңірдегі экологиялық күн тәртібін ілгерілету, қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру және жасыл құндылықтарды насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Байтақ» партиясы Ысматуллаев Руслан Серікұлына жүктелген жауапты қызметінде сәттілік тілейді. Біз оның аймақтағы экологиялық және қоғамдық бастамаларды табысты жүзеге асырып, өңірдің жасыл дамуына серпін беретініне сенім білдіреміз.