Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Төрағасы Әміртаев Азаматхан Сайлауұлының Бұйрығымен Уббиниязов Ерадил Жиенбаевич Партия төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

26 августа, 2025

Ерадил Жиенбаевич – танымал спорт қайраткері, қоғам белсендісі әрі тәжірибелі ұйымдастырушы.

Спорт саласындағы жетістіктері:

Халықаралық деңгейдегі бокс жаттықтырушысы, Ақтөбе облысының әйелдер боксы бойынша бас бапкері;
Қазақстан Республикасының Президенттерінің Алғыс хаттарымен, сондай-ақ «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған;
2018 жылы «Диапазон» газеті тарапынан «Жыл адамы» атағына ие болған.

Қоғамдық қызметі:

Облыстың қоғамдық өміріне белсене араласып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып келеді;
«Дворовые клубы Актюбинской области» қоғамдық бірлестігінің директоры;
«Спорт клубы «Бибарс»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы;
Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі.

Бұл тағайындау Партиямыздың ұйымдастырушылық әлеуетін арттырып, қоғамдық бастамаларды іске асыруға жаңа серпін беретініне сенімдіміз.