Бір тамшы қан — бір үміт: Байтақтың игі бастамасы

29 апреля, 2025

30 сәуір күні «Байтақ» жасылдар партиясы ерекше челлендж бастайды. Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында партия төрағасы Азаматхан Әміртаев және белсенділер қан тапсырып, осы игі бастаманы қолдайды.

Бұл челлендждің мақсаты — қоғамда қан тапсыру мәдениетін қалыптастыру, адам өміріне қажет болған кезде көмектесу, және әрбір адамның үлесімен қайырымдылық көрсету. Әр тамшы қан өмірге үміт сыйлайды, сол себепті біз бүгіннен бастап бұл бастаманы кеңінен таратуға тырысамыз.

Біз осы челленджді әлеуметтік желілерде де жариялап, барша қазақстандықтарды осы игі іске атсалысуға шақырамыз. #БірТамшыҚанБірҮміт хэштегін қолдана отырып, сіздер де осы шараға қатысып, қан тапсыруды бастауға шақырамыз!

Сіздердің әрбір қан тамшыңыз — бір адамға өмір сыйлау мүмкіндігі. Бірге болсақ, үлкен істерге қол жеткізе аламыз!

Қан тапсыру — өмірге үміт сыйлау!