Қазақстандық «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев делегациясымен бірге Моңғолияға жұмыс сапарымен барды

11 марта, 2025

«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев бастаған Қазақстан делегациясы жұмыс сапарымен Моңғолияға барды. Бұл сапар Моңғолияның Жасылдар партиясының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған кездесулер мен іс-шараларға қатысу мақсатында жүзеге асырылуда.

Ұлан-Батор халықаралық әуежайында «Байтақ» партиясының делегациясын Моңғолия Жасылдар партиясы төрағасының орынбасары мен партия басшылығы ресми түрде қарсы алды.

«Байтақ» партиясы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік және «жасыл» экономиканы дамыту бағытындағы халықаралық әріптестікке ерекше мән береді. Осы сапар аясында тараптар табиғатты қорғау саласындағы тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар әзірлеу, сондай-ақ екі елдегі жасыл қозғалысты дамыту перспективаларын талқылайды.